Топ-баннер

№15 (8929) 24

24 ақпан 2026 ж.

№14 (8928) 21

21 ақпан 2026 ж.

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » АУЫЛ ҮНІ – АТА ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

АУЫЛ ҮНІ – АТА ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

Өзгент ауылында ел тағдырына бейжай қарамайтын тұрғындар бас қосып, Жаңа Конституция жобасына арналған мазмұнды әрі мағыналы кездесу өтті. Бұл жиын – жай ғана түсіндіру емес, ауыл халқының ел болашағына деген көзқарасын, үміті мен сенімін ортаға салған ашық алаңға айналды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына Ата Заңға енгізілуі жоспарланған өзгерістер қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізілді. Әсіресе, қарапайым азаматтың құқығын қорғау, әділеттілік қағидаттарын күшейту, халықтың ел басқару ісіне араласу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жұртшылықтың ерекше қызығушылығын тудырды.
Ауыл адамдары жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік әділдік, заңның ауыл өміріндегі нақты орны мен ықпалы жөнінде ой-пікірлерін ашық айтып, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Еркін форматта өткен жүздесу шынайы диалогқа ұласып, халық пен қоғам арасындағы сенімді нығайта түсті.
Шараға жиналған 80-ге жуық ауыл тұрғыны ұсынылып отырған өзгерістердің ел ертеңі үшін маңызды екенін атап өтіп, мұндай кездесулердің халықпен бірге, ел ішінде өтуі – уақыт талабына сай дұрыс қадам екенін жеткізді.
Өзгенттің қарапайым тұрғындары үшін бұл басқосу – ел тағдырына өз үнін қосуға берілген мүмкіндік болды.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
27 ақпан 2026 ж. 98 0