№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ


Бүгін Жаңақорған аудандық мәслихат төрағасы, AMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудандық емдеу мекемесіне арнайы мониторинг жүргізді.
Іс-шара барысында медициналық мекемелердің жұмысы, дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен олардың сапасы тексерілді.
Жаңақорған ауданаралық ауруханасының қызметкерлері емдеу мекемесіндегі дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін жеткізді.
Сонымен қатар, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы, медициналық кабинеттердің жабдықталуы мен емдеу үдерісінің ұйымдастырылуына да назар аударылды. Мониторинг нәтижесінде емдеу ұйымдарының жұмыс барысы қанағаттанарлық деп бағаланды.
Партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта да денсаулық сақтау саласындағы ахуалды тұрақты назарда ұстайтынын жеткізді.

#AMANAT
24 ақпан 2026 ж. 768 0