Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «2026–2030 жылдарға арналған қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасы» талқыланды. Мәжілістен кейін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен жиын өтті.
Алдымен жиын ауданда орын алған кадрлық өзгерістерден басталды. ҚР Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы қызметіне Қуандықов Жолдасбек Әбдібекұлы тағайындалды. Ж.Қуандықов 1987 жылы Түркістан облысы Отырар ауданында туған. 2009 жылдан бастап түрлі әскери бөлімдерде командирлік қызметтер атқарған. 2021 жылдан осы кезге дейін Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарып келген.
Аудан басшысы жаңа бөлім бастығына жұмылдыру дайындығын, мерзімді әскери қызметке шақыруды сапалы ұйымдастыруды, медициналық комиссиялардың жұмысын үйлестіруді және жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені күшейтуді тапсырды.
Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сәйкес, аудан аумағындағы қоқыс полигондарының санитарлық талаптарға сәйкестігі қаралды. ҚР Экологиялық кодексіне және санитарлық қағидаларына сәйкес барлық елдімекендердегі қоқыс полигондары қоршалуы тиіс. Дегенмен Талап, Келінтөбе, Қандөз, Қожакент, Байкенже, Жаманбай батыр, Қожамберді, Қыраш, Манап ауылдық округтерінде полигондардың қоршалмағаны атап өтілді. Осыған байланысты аудан әкімінің салаға жауапты орынбасарына жобалық - сметалық құжаттарды әзірлеп, 2026 жылға бюджеттік өтінім беру жүктелді.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары талқыланды. Аудан әкімі барлық кент және ауыл әкімдеріне елді мекендер мен жол бойларының тазалығын қамтамасыз етуді, жол белгілерін ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ мекеме басшыларына өз ғимараттарының айналасында тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттілігі ескертілді.
26 қараша 2025 ж. 738 0