№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Аида Балаева: Жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады

Аида Балаева: Жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады


ҚР Премьер - министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.Жазбада жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналып отырғанын жеткізген.
Сондай-ақ, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары жағдайды теріс мақсатта пайдаланып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге барып жатқанын айтты.«Арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқан (мысалы, Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан ашылған фейк-аккаунттар арқылы тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда). Сондай-ақ, елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесуде», - деді Аида Балаева.
06 ақпан 2026 ж. 287 0