Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » БҮГІН - ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

БҮГІН - ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ



Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

«Бұл күннің отандық мерзімді баспасөз тарихының бастауы саналуы тегін емес. Сонау 1913 жылғы 2 ақпанда қазақ халқының бірлігінің ұйытқысына айналған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан бері газеттер мен журналдар мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға, ашық қоғам қалыптастыруға маңызды үлес қосып келеді. Қазіргі уақытта қазақстандық басылымдар аға буын қалыптастырған сол игі дәстүрді лайықты жалғастырып отыр. Жақында Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында атап өткендей, олар бүгінде «ренессанс кезеңіне» қадам басты. Осы орайда, салада еңбек етіп жүрген барша азаматтарды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!», - делінген құттықтауда.

Осы мерейлі мерекеге орай төл басылым «Жаңақорған тынысы» және «Ардагерлер мерейі» газеттерінің шығармашылық ұжымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Қаламдарыңыз мұқалмасын, еңбектеріңіз жемісті болсын! Елге қызмет еткен ақпарат айдынында абыройларыңыз арта берсін, оқырмандарыңыз көбейе бергей!

Жанель Жүсіп
02 ақпан 2026 ж. 279 0