Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҚҰРҒАҚ ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҚҰРҒАҚ ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, жауапты сала басшылары Арал ауданындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт құрылысымен танысты.
Жоба бастамашысы «Qazaq Camel» ЖШС 392 тонна өнім шығарады деп жоспарлануда. Зауыт құрылысына 3 млрд. теңге қаржы салынған. Оның 1,8 млрд. теңгесі мемлекет қолдауы, яғни жеңілдетілген несие, 1,2 млрд. теңгесі жеке қаражат есебінен. Осы жылдың наурыз айында іске қосылып, 23 адам жұмыспен қамтылады.
Негізгі өндірістік ғимараттың құрылысы мен қондырғыларды орнату 90% аяқталған. Қазіргі таңда монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Аймақ басшысы осы жерде шаруа қожалықтары және шағын кәсіп иелерімен кездесіп, бастаған істі дамыту, өнім өндіру мен өңдеуді жолға қою мәселелерін талқылады. Бірінші кезекте сапаға мән беріп, өндіріс көлемін ұлғайту қажет екенін атап өтті.
Еске салайық, өткен жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі саласында 406,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 6,4%-ға өсті. Нақты айтсақ, тамақ өнімдерін өндіру 3,4%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 5,2%-ға, жиһаз өнеркәсібі 43,6%-ға, жеңіл өнеркәсіп 12,4%-ға, химия өнеркәсібі 2,7%-ға, құрылыс индустриясы 4,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісі 1,7%-ға артты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
23 қаңтар 2026 ж. 337 0