№85 (8899) 8

08 қараша 2025 ж.

№84 (8898) 4

04 қараша 2025 ж.

№83 (8897) 1

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛЫНА 90 МЛН КІРПІШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛЫНА 90 МЛН КІРПІШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов «Қызылорда Саз М» ЖШС жаңа кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Зауытты орналастыру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінде зауыт пен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың құрылысы аяқталып, қажетті жабдықтар толық орнатылған.
Осы кезде өндірістік жабдықтар іске қосылып, зауыт техникалық режимде жұмысын бастады. Аумақты абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде. Жақын күндері ашылу рәсімі өтеді.

Зауыттың басты ерекшелігі – өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Экологиялық жағынан да тиімді, яғни басқа кірпіш зауыттарындағыдай көмірмен күйдірмейді. Жаңа технологиялар өндірістің тиімділігін арттырып, өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Жылына 90 миллион кірпіш өндіруге есептелген кәсіпорын толық іске қосылғанда 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
06 шілде 2025 ж. 137 0