Соңғы жаңалықтар

№4 (8918) 17

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (8917) 13

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Пономарев этномәдени бірлестіктердің бір палаталы Парламенттегі орны туралы пікір білдірді

Пономарев этномәдени бірлестіктердің бір палаталы Парламенттегі орны туралы пікір білдірді


Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Мәжіліс депутаты, депутаты Сергей Пономарев V Ұлттық құрылтайда сөз алып, этномәдени бірлестіктердің саяси процестерге араласу мүмкіндігі туралы ой қозғады.

Сергей Пономарев сөзін әріден бастап, бір палаталы Парламент құруға дайындық тиісті деңгейде жүріп жатқанын атап өтті.

- Біз азаматтардың ұсыныстары негізінде бір палаталы Парламенттің келешегін, оны қалыптастыру мен өкілеттіктердің негізгі тәсілдерін әзірледік. Талқыланған мәселелердің бірі президенттік квота туралы болды. Оның ішінде этномәдени бірлестіктердің өкілдігі де бар. Жұмыс тобының мүшелері Мемлекет басшысының президенттік квотаны жою туралы шешімін қолдады. Бұл дұрыс тәсіл. Өйткені барлық депутат бір тәртіппен сайлану керек. Бұл әділдік принципіне сай келеді, - деді ол.

Мәжіліс депутаты бұл шешім этномәдени бірлестіктердің өкілдерін маңызды мемлекеттік шешімдер қабылданатын басқа салалардан алыстатпау керек деген ой айтты.

- Бірақ мен қозғағым келген мәселенің бірі этномәдени бірлестіктердің Парламенттегі өкілдігі, негізгі мемлекеттік шешімдерді қабылдауға қатысуы туралы болып отыр. Бұл тек славяндар туралы ғана емес. Бұл мәселе парламент реформасынан тыс. Бірақ әр түрлі ұлт өкілдері үшін әзірге бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр, - деді Сергей Пономарев.

kaz.inform.kz

20 қаңтар 2026 ж. 57 0