» » ТҮРКІСТАН «КОНГРЕСС ХОЛЛ» КЕШЕНІ: ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

ТҮРКІСТАН «КОНГРЕСС ХОЛЛ» КЕШЕНІ: ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ



Түркістан қаласының мәдени өмірінде маңызды орын алатын «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің концерттік бағдарламасы Жаңақорған ауданында көрермендер назарына ұсынылды.

Шараға аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.

Мәдени шараның ашылу рәсімінде сөз алған Бектас Балғабайұлы аудан әкімі Мажит Самитұлының ыстық ықыласын жеткізіп, «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің жетекшісі Еркін Нұрымбетовке қазақы дәстүрге сай шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ ықылас гүлі табысталды.

Кеш барысында кешеннің шығармашылық ұжымдары – «Jana Lep», «Alqonyr» фольклорлық ансамблі, «Samgau» би ансамблі және «Keruen» балалар би тобы өнер көрсетті. Композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған арнайы музыкалық попурри концерттің ажарын аша түсті. Оркестрге «Құрмет» орденінің иегері Еркін Нұрымбетов дирижерлік етті.

Сонымен бірге «Jana Lep» труппасы «Раушан гүл», «Жігіттер жыры» атты театрландырылған қойылымдарын ұсынып, кеш барысын ерекше түрлендірді. Шара тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, әсерлі кеш ретінде есте қалды.

Айта кетейік, бұл шара Түркістан қаласы әкімдігі мен Жаңақорған ауданы әкімдігінің өзара тығыз ынтымақтастығы мен мәдени байланысының нәтижесінде жүзеге асырылды.
18 қаңтар 2026 ж. 60 0