№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сауд Арабиясы Йемен портына соққы жасады

Сауд Арабиясы Йемен портына соққы жасады


Фото: fakti.bg
Йемендегі заңдылықты қалпына келтіру коалициясы Біріккен күштерінің қолбасшылығы Йеменнің Әл-Мукалла портында шетелдік әскери көмек тиелген жүкке шектеулі әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды Saudi Press Agency.
— Сенбі және жексенбі күндері Фуджейра портынан Әл-Мукалла портына Коалицияның Біріккен күштері қолбасшылығының рұқсатынсыз екі кеме келді. Бақылау жүйелері өшірілген кемелер портта Оңтүстік өтпелі кеңес күштеріне арналған қару-жарақ пен әскери көлік құралдарының үлкен жүгін түсірді. Бұл әрекеттер бейбітшілік процесі мен бейбіт келісімге қол жеткізуге бағытталған күш-жігерді өрескел бұзу ретінде бағаланды, — делінген коалицияның ресми өкілі Турки Әл-Малики мәлімдемесінде.
Ол Йемен үкіметінің әскери жүктердің қауіп төндіретінін ескере отырып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы өтінішіне жауап ретінде коалицияның әуе күштері шектеулі соққы жасағанын мәлімдеді.
SPA хабарлауынша, коалицияның біріккен күштері қолбасшылығы деэскалация шараларын жүзеге асыруды жалғастырады және Йеменнің заңды үкіметі мен коалициялық күштердің келісімінсіз берілетін кез келген шетелдік әскери көмекке тосқауыл қояды.
30 желтоқсан 2025 ж. 474 0