Николь Шерзингердің қазақы оюы бар жаңажылдық образы жұртты тәнті етті

Фото: instagram.com/nicolescherzinger
«Маған ғана солай көріне ме, әлде костюмде қазақ оюы бар ма?»,
«Болды, Николь, дайын бол! Енді сен барлық жаңалық пабликтеріміздесің»,
«Ою-өрнек өте әдемі көрінеді – дәл біздің, қазақтың оюындай»,
«Сіздің костюміңізде дәстүрлі қазақ ою-өрнегі бар», – деп жазды желі қолданушылары.
Николь Шерзингердің өзі бұл жазбасын жылы рождестволық құттықтаумен толықтырды:
«Баршаңызға Рождество мейрамы құтты болсын! Бүкіл әлемдегі адамдарға махаббатымды, дұғамды және батамды жолдаймын», – деп жазды әнші.
Жанкүйерлер Никольдің Қазақстанға қызығушылығы алғаш рет байқалып отырған жоқ екенін де атап өтті. Бұған дейін жұлдыз Алматы қаласына келіп, қонақүй бөлмесінен көрінетін көріністі және қала үстіндегі таң шапағын сторис ретінде бөліскен болатын.
Instagram-дағы видеоларда Николь оңтүстік астананың панорамасына және таңғы Алматының атмосферасына сүйсінгенін жасырмады. Айта кетейік, Николь Шерзингердің Instagram парақшасына әлемнің түкпір-түкпірінен 7,3 миллионнан астам адам жазылған.




