Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен «Панабек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи жиһаз фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Оған ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
«Панабек» ЖШС жиһаз өндірісі саласында 20 жылдан астам уақыттан бері табысты жұмыс істеп келеді. Жоғары сапалы өнімдерімен өңір тұрғындарының сеніміне ие болып, экономиканың дамуына тұрақты үлес қосуда.


Жаңа кәсіпорының іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық өнім көлемінің артуына, шағын және орта бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі




