Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Оксфорд 2025 жылы жиі қолданылған сөзді атады

Оксфорд 2025 жылы жиі қолданылған сөзді атады



Фото: pixabay.com
Оксфорд ағылшын тілінің сөздігі 2025 жылы ең жиі қолданылған сөз ретінде «рейджбейт» (rage bait – ызаны қоздыруға арналған) терминін таңдады. Соңғы 12 ай ішінде «рейджбейт» сөзінің қолданылу жиілігі үш есе артқан, деп жазады Egemen.kz.
Rage bait – әдетте белгілі бір веб-бетке немесе әлеуметтік желідегі аккаунтқа трафик пен назар тарту үшін жарияланатын, әдейі  ашу-ыза немесе наразылық тудыруға бағытталған, арандатушылық немесе қорлайтын мазмұн.
«2025 жылғы жаңалықтар легінде әлеуметтік толқулар, онлайн-контентті реттеу туралы пікірталастар және цифрлық әл-ауқатқа қатысты алаңдаушылықтар басым болды. Біздің сарапшылар биыл rage bait сөзінің қолданылуының өзгергенін байқады, бұл – интернеттегі белсенділік және этика туралы әңгімелердің өзгеріске ұшырағанын көрсетеді», делінген Оксфорд университеті баспасының (Oxford University Press) хабарламасында.
Ал, Кембридж сөздігі 2025 жылдың сөзін «парасоциальды» деп жариялаған.
03 қаңтар 2026 ж. 698 0