Соңғы жаңалықтар

№94 (8908) 9

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Руханият орталығында аудандық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген кезекті алқа отырысы өтті.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, алқа мүшелері, пленум мүшелері, барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, зиялы қауым өкілдері, әжелер алқасының мүшелері, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың «Халық сенімі іске серпін береді» атты «Egemen Qazaqstan» газетіне берген мақаласынан облысымызда соңғы жылдары қолға алынған бастамалары мен оң өзгерістерін атап өтіп, алқа жиынының жұмысына сәттілік тіледі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша "Аудандық ардагерлер кеңесінің үстіміздегі жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы" аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пахмаддин Айнақожаев, күн тәртібіндегі екінші мәселе "Ақүйік ауылдық округі ардагерлер ұйымының ардагерлер арасындағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы" Ақүйік ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ә.Әділханов, "Білім беру саласы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде" төраға Аллаберген Ахметов хабарлама жасады.
Жиын соңында белсенді ардагерлер Темірбек Құтжанов, Тоқтасын Төлепбергенов, Ұлтуар Алдабергенова облыстық ардагерлер кеңесінің "Құрмет грамотасымен" марапатталса, мерейтой иелері Нурдин Исмаилов, Шамшудин Рахмановқа арнайы аудандық ардагерлер кеңесінің "Құттықтау хаты" табысталды.

#Жаңақорған
10 желтоқсан 2025 ж. 52 0