Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды


Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) жаһандық ізгілік елшісі болды.
Бұл туралы 8 желтоқсанда Женевада өткен ХКҰ кеңесінің жыл сайынғы сессиясында жария етілді
Димаш Құдайберген былтыр да өңірлік ізгі ниет елшісі атанып, миграция, адам саудасы және осал топтардың мәселелерін көтеруге бағытталған гуманитарлық кампанияларға белсенді қатысқан еді. 
"Биыл ол ХКҰ-мен ынтымақтастығын кеңейтіп, Рамазан айындағы қайырымдылық акцияларына қосылды және адам саудасына қарсы бастамаларды қолдады. Әлемдік Stranger туры барысында Нью-Йорк, Мехико, Барселона, Лондон және Берлин қалаларында инклюзивтілік пен бірлік туралы ойларын көпшілікке жеткізіп, ХКҰ миссиясының танылуына үлес қосты.
8 желтоқсандағы кеңес отырысында Димаш БҰҰ мүше мемлекеттерінің делегациялары алдында S.O.S d’un terrien en détresse композициясын орындады. ХКҰ бас директоры Эми Поуп әртістің гуманитарлық бастамаларға қосқан үлесін ерекше атап өтті", - делінген Dimashnews мәліметінде. 
09 желтоқсан 2025 ж. 1 226 0