№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты

Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты

Италиялық NEOS Airlines компаниясы Атырауды Еуропаның сән мен бизнес астанасы Миланмен тікелей байланыстыратын тікелей рейсті ашты, деп жазады Egemen.kz.
Бұл – өңір үшін жаңа халықаралық бағыт, енді тұрғындар Еуропаға еш кідіріссіз, тіке жете алады.
Ұшақ билеттерінің бағасы жарияланды: эконом-класс 528 АҚШ доллары (283 мың теңге), ал премиум-класс 1210 АҚШ доллары (648 мың теңге) шамасында.
Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет орындалады: жұма күні Атыраудан, ал дүйсенбі күні Миланнан кері ұшып шығады. Кейінірек компания жиілікті арттырып, аптасына екі рейске дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Жаңа бағыттың ашылуына Итальян-қазақ сауда палатасы қолдау көрсетіп, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға үлес қосты. Жаңа бағыт іскерлік байланыстарды жеңілдетіп, екі ел арасындағы сапарларды ыңғайлы етпек, деп болжанып отыр.
Атырау үшін бұл – Миланға ашылған алғашқы тікелей әуе қатынасы. Жаңа бағыт өңір тұрғындарының саяхат мүмкіндіктерін кеңейтсе, билет бағасы қазірдің өзінде жергілікті халық арасында басты талқылау тақырыбына айналды.
23 қараша 2025 ж. 912 0