Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Республика күні - ел бірлігінің мерекесі

Республика күні - ел бірлігінің мерекесі

25 қазан - Республика күніне орай “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы ұжымдары бұл мерекені ерекше сән-салтанатпен атап өтті.
Облыс бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс орындарын ұлттық нақыштағы безендіру элементтерімен көріктендіріп, қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мереке аясында салтанатты рәсім ұйымдастырылып, онда зейнеткерлік куәліктер, неке куәліктері және туу туралы куәліктер салтанатты түрде табысталды. Әр қызмет алушы мемлекеттік рәміздер мен ұлттық оюлармен безендірілген кеңсе ішінен мерекелік рух пен патриоттық сезімді айқын сезінді.
“Республика күні - халқымыздың егемен ел ретінде қалыптасуындағы маңызды белес. Бұл күн әр азамат үшін мақтаныш пен жауапкершілікке толы мереке. Біз өз жұмысымыз арқылы халыққа қызмет етуді, ел дамуына үлес қосуды ең үлкен парыз деп білеміз”, - деді филиал директоры Аида Абибуллаева.
Мереке күні қызметкерлер халыққа сапалы және жедел қызмет көрсетуді жалғастырып, ел тәуелсіздігін, бірлігін және азаматтық жауапкершілікті дәріптеді.
03 қараша 2025 ж. 1 388 0