№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАР ТЕГІН КЕҢЕС АЛДЫ

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАР ТЕГІН КЕҢЕС АЛДЫ


Бүгін «Руханият» орталығында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті. Іс-шара барысында құқық қорғау саласы мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тұрғындарға тегін кеңестер берді.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету болып табылады.
Шараға аудан прокурорының міндетін уақытша атқарушы Әділжан Сыздықов, аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылары, білім, денсаулық саласы, салық қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Акция барысында 60-тан астам аудан тұрғыны өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, тұрғындарға интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратылды.
31 қазан 2025 ж. 1 529 0