№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Халық заңгері» акциясы Жаңақорғанда

«Халық заңгері» акциясы Жаңақорғанда


Заң – қоғамның ажырамас қағидасы. Заңы кемелді, құқықтық мәдениеті дамыған елде нағыз демократия орнайды. Осыны мақсат еткен елімізде адамдардың әділеттілікке қол жеткізуіне бағыт-бағдар беретін «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізіліп келеді.


Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес, оның талаптарын баршамыз білуге тиіспіз. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығының қорғалуын қамтамасыз ете алады. Әрі мемлекеттің құқықтық мәдениеті артып, халықтың құқықтық санасы толық қалыптасады. Заңдық сауаттылық азаматтық қоғам қалыптастырудың аса маңызды негіздерінің бірі деуге болады.
Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Бұл туралы «Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығы» ғимаратында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясының спикері адвокат Гүлзира Увайдаева төмендегіше жеткізді:
– Елімізде жетілген Конституция бар. Ата заң азаматтардың құқығын қорғауға, нағыз демократиялық қоғам құруға толық мүмкіндік береді. Ендеше, осы заңның рөлін күшейтіп, оның қоғамда нақты жүзеге асуын қадағалау үшін де халыққа құқықтық тәрбие керек секілді. Бүгінгі халықтық шараға келген қыз-келіншектердің көбі балаларға алимент өндіру, әкенің жауапкершілігін арттырудың мәселелерін көтеруде. Біз тұрғындарға заң аясында кеңес беруге әрдайым дайынбыз, – деді ол.
Республикалық акция аясында 15-ке тарта құқық саласының сарапшылары азаматтарға тегін кеңес берді. Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, салық органдарының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.
«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясына 100-ден аса тұрғын келіп, көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауаптар алды. Соның бірі – Төменарық ауылының тұрғыны Нұрайлым Әбдіжолдас:
– Жастарға арналған 3,5 пайыздық несие төңірегінде білгім келеді. Қандай талаптары бар? – деген сауал тастады. Бұл сұраққа жауап берген Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марлен Нұртазаев:
– Мемлекет тарапынан жастардың ісін қолдау тетігі көп. Мәселең қомақты кредиттер 21-ден 35 жасқа дейінгі аралықтағы жастарға беріледі. Бұл ретте пайыздық мөлшерлеме 2,5 пайыз болады. Мерзімі – 5 жылға дейін. Ал мал шаруашылығы бағытында 7 жылға дейін беріледі. Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең бар. Оның ұзақтығы микрокедит мерзімінің үштен бірінен аспауы керек. Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ береді, – деді.
Азаматтары заңмен қорғалған елде өмір сүріп жатқандықтан әрбір азаматтың заңды құқығын білгені абзал. Бұл өркениетті қоғамның белгісі. Жаңа ғасырда жұмыр жердің бетінде заңды құқығын білмейтін адам болмауы керек. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заңның қорғауында.

Жәмила ЕРМАХАН

04 маусым 2024 ж. 189 0