№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» Құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

Құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

«Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шаралар тиісті деңгейде уақтылы және сапалы орындалуы аса жауапкершілікті қажет етеді.


Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасы негізінде, Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен2020 жылы ай сайын облыс көлеміндегі барлық аудандарда және «Антикор орталығының» ғимаратында«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылып, атқарылған шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жариялауда.
Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады,  Халықтың сенімін сақтау біз үшін өте маңызды.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Өткен жылы республика бойынша «Параграф» ақпараттық жүйесі және «Закон KZ» желісімен бірлесіп өткізілген бірыңғай республикалық «Халық заңгері» акциясы 18  мыңнан аса азаматтарды қамтып, 2500-ден аса мемлекеттік органдар мен сарапшылардың, азаматтық қоғамның тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етті.
«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқанына,ағымдағы жылдың 6айында облыс көлемінде жалпы 300 ден аса азамат әр-түрлі сала бойынша, яғни әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, ауылшаруашылық, тағы басқа да өзкеті мәселелері бойынша тиістімемлекеттік органдардыңбілікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,) қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелерінен тегін құқықтық кеңестер алды.
Аталған шараларҚызылорда қаласы мен барлық аудандарда кезең-кезеңімен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қоғамда «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны азаматтардың оң пікірі мен алғысын алып, болашақта халық пен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы арасындағы біріктіруші «көпір» болуға мүмкіндік беретін іс-шара ретінде көрінуде.
Қазіргі уақытта, карантиндік жағдайға байланысты бұл шара онлайн форматына ауыстырылды.
Осыған орай, бұл дәстүрлі науқан онлайн форматында «Антикор оратығы»  ғимаратында ай сайынтұрақты түрде жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың, заң саласының танымал мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады және шараның өтетін уақыты, қай сала өкілінің қатысуымен өткізілеті туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңҚызылорда облысы бойынша департаментініңресми сайтында жариялануда.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады.
---
15 маусым 2020 ж. 604 0