№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ТОБЫ ӨЗГЕНТ АУЫЛЫНДА

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ТОБЫ ӨЗГЕНТ АУЫЛЫНДА


Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мобильді тобы Жаңақорған ауданына қарасты Өзгент ауылдық округінде болып азаматтарды қабылдады. Мақсат – шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңес беру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ Съезінде партия жұмысын қайта құруды тапсырып, қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтар үшін тартымды орынға айналуы тиіс екенін атап өтіп, қоғамдық қабылдау бөлмелері адамдар тек шағым арқалап емес, елді дамытуға қатысты нақты ұсынысымен келетін орын болуы қажет деген болатын. Қабылдауға келуші ауыл тұрғындары қара бастың қамы емес, бүтін елге қажетті интернет желісі, жарық, көшелерді асфальттау, спорт кешенін салу, егістік пен жалымдық жерге қатысты ауқысты мәселелерді алға тартып, ұсыныстарын да білдірді.
Ауыл тұрғындарын мазалаған барлық мәселелер мобильді топ жұмысының хаттамасына енгізіліп, «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының жіті бақылауына алынатындығын атап өтті мобильді топ жетекшісі, аудандық партия филиалының төрағасы Арман Мажитов.
31 қазан 2025 ж. 1 457 0