Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ТОБЫ ЖАЙЫЛМА АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ТОБЫ ЖАЙЫЛМА АУЫЛЫНДА БОЛДЫ


Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мобильді тобы Жаңақорған ауданына қарасты Жайылма ауылдық округінде болып азаматтарды қабылдады. Мақсат – елді мекендердегі тұрғындардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңес беру.
Қабылдауға келуші ауыл тұрғындары қара бастың қамы емес, бүтін елге қажетті жол, егістік пен жайылымдық жерге қатысты ауқымды мәселелерді алға тартып, ұсыныстарын да білдірді.

Ауыл тұрғындарын мазалаған барлық мәселелер мобильді топ жұмысының хаттамасына енгізіліп, «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының жіті бақылауына алынатындығын атап өтті. Мобильді топ жетекшісі аудандық партия филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпеисұлы.

#AMANAT
31 шілде 2025 ж. 208 0