Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қытайда ЖИ пайдаланушыларының саны 515 миллионға жетті

Қытайда ЖИ пайдаланушыларының саны 515 миллионға жетті


Фото: istockphoto.com
Қытайда генеративті жасанды интеллектке қызығушылық күрт артып келеді. 2025 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша бұл технологияны қолданушылар саны 515 миллион адамға жетіп, бір жыл ішінде екі есеге жуық өскен, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың соңымен салыстырғанда 266 миллионға көп, ал технологияның ену деңгейі 36,5 пайызға дейін артқан.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жасанды интеллектке деген ең жоғары қызығушылықты жастар мен білімді азаматтар танытып отыр. Пайдаланушылардың 74,6 пайызы 40 жасқа дейінгі тұрғындар болса, олардың 37,5 пайызы жоғары білімді.
Қытайлық генеративті модельдер ел ішінде кеңінен қолданыс тапқан. Олар интеллектуалды ақпарат іздеу, цифрлық контент жасау, кеңсе жұмыстарын автоматтандыру және «ақылды» құрылғыларды басқару сияқты салаларда белсенді пайдаланылады.
Сондай-ақ, есепте Қытайдың әлемдік жасанды интеллект нарығындағы ықпалының артып келе жатқаны атап өтілген. 2025 жылдың сәуір айындағы деректер бойынша, елде жасанды интеллектке қатысты 1,576 миллион патенттік өтінім берілген. Бұл әлемдегі барлық өтінімдердің 38,58 пайызын құрайтын, жаһандық деңгейдегі ең жоғары көрсеткіш.
20 қазан 2025 ж. 754 0