№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Көліктер батып жатыр: Қостанайды қар басып қалды

Көліктер батып жатыр: Қостанайды қар басып қалды

Фото: видеодан скрин
Қостанай облысына қар жауып, тоғыз көлік жолдан шығып кеткен: ауа райының нашарлауына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет тәртібіне көшті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Қостанай қаласында, сондай-ақ Қостанай, Меңдіқара және Фёдоров аудандарында таңертеңнен бастап қар аралас жаңбыр жауған. Қыс мезгіліне әлі дайындалып үлгермеген жүргізушілер апатты жағдай тудырып жатыр.
«Қостанай – Алматы – Екатеринбург республикалық тас жолына ерекше назар аудардық. Таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін жол шетіндегі сайға сырғанап кеткен тоғыз автокөлікті шығардық. Мәселен, жолдың бір учаскесінде Alphard және Volkswagen көліктерінің жүргізушілері рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Оларға патрульдік полиция қызметкерлері көмектесіп, қасынан өтіп бара жатқан жүк көлігі мен бейжай қарамаған жүргізушілердің көмегімен көліктерді қар құрсауынан алып шықты», - деп хабарлайды полиция.
29 қыркүйек 2025 ж. 922 0