Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін тарихи бастама. Бұл шешім – еңбек адамына көрсетілген үлкен құрмет әрі кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге жасалған нақты қадам.
Жұмысшы мамандықтары – кез келген қоғамның алға жылжуының берік тірегі, ұлттық экономиканың мызғымас іргетасы. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіптік білімнің мазмұнын жаңғырту, дуалды оқыту жүйесін дамыту, жастарды нақты кәсіпке бейімдеу бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда.
Жаңақорған аграрлы - техникалық колледжіміздің басты мақсаты – жас ұрпаққа сапалы білім мен терең тәжірибе беріп, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын білікті мамандарды даярлау. Біз студенттеріміздің бойында еңбекқорлықты, кәсібилікті, жауапкершілікті және өз мамандығына деген шынайы құрметті қалыптастыруды басты міндетіміз деп санаймыз.
05 қазан 2025 ж. 1 412 0