Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сыр Сұлуы - Сыр үміті!

Сыр Сұлуы - Сыр үміті!

Бүгін Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өз зерттеу алқабында күріштің отандық жаңа Сыр Сұлуы сортына алғашқы орақ салды.
Нәтиже көңіл қуантарлық – бұл күріштің вегетациялық кезеңі қысқа (бар-жоғы 105–110 күн), жармасының шығымы жоғары (60–62%), 1000 дәнінің салмағы 35-37 гр және барлық агротехникалық шаралар дұрыс жүргізілген жағдайда 80–85ц/га дейін өнім беруге әлеуетті.
Вегетациялық кезеңінің қысқа болуына байланысты, күріштің басқа сорттарына қарағанда суды аз қажет етеді.
Сыр Сұлуы – жергілікті климатқа, топырақтың тұздылығына төзімді, дәмдік және сапалық қасиеттері шетелдік үздік сорттардан кем түспейтін жаңа буын күріші.
Институт мамандары бұл сортты шаруашылықтарға кеңінен таратып, тұқымын жедел көбейту бағытында тынбай жұмыс жүргізуде.
18 тамыз 2025 ж. 1 306 0