Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Олимпиада жеңімпазы Елдос Сметовпен кездесіп, оның тарихи жеңісін, спорт саласындағы табандылығы мен қажырлы еңбегін жоғары бағалады.
«Сізді былтыр Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында көк туымызды көкке көтеріп, халқымызға тарихи алтын медаль сыйлаған зор жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Дзюдо күресінен Қазақстанның алғашқы алтын медалін алу - ұлт жадында алтын әріппен жазылатын ерлік. Жеңісті жалғастырып, келесі Олимпиада ойындарында, Әлем чемпионаттарында жеңіс тұғырынан көрініп, ел мерейін асқақтата беруіңізге тілектеспіз.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Спортшыларымыздың ерлігі – ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор» - деп атап өткен болатын. Сіздің жеңісіңіз - осы сөздің жарқын дәлелі.
Жанқиярлық еңбегіңіз бен табандылығыңыздың нақты нәтижесі. Сіз тек спортшы ғана емес, миллиондаған халықтың мақтанышы, жастарымыз үлгі тұтар азаматсыз.
Үш бірдей Олимпиада ойындарынан медаль иелену - кез келген спортшыға бұйыра бермейтін үлкен жетістік. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтеретініңізге сеніміміз мол», - Нұрлыбек Машбекұлы.
Басқосуда Елдос Бақтыбайұлы аймақ басшысына көрсетілген құрмет пен сенім үшін алғысын жеткізді. Алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғайтынын, жас спортшыларға үлгі болып, ел спортының дамуына өз үлесін қосатынын жеткізді. Сонымен қатар, өңірде бұқаралық спорт пен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
17 тамыз 2025 ж. 957 0