Сапалы білім - кәсіби маман
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі – техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы көшбасшы оқу орны. Оқу орны бүгінде аймақтағы басты инновациялық және кәсіби білім берудің орталығына айналып отыр.Колледждің басты миссиясы – озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәжірибе негізінде заманауи еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау.Сонымен қатар, бұл оқу орны мамандықтардың қоғамдағы беделін көтеруге үлес қосып, адами капиталды дамыту жолында аймақтық драйвер ретінде қызмет атқаруда.
Бүгінгі күні колледжде 30 мамандық пен 31 біліктілік бойынша білім беру жүзеге асырылуда. Оқу ордасы мемлекеттік лицензияға ие және техникалық, кәсіптік бағыттағы заманауи маман даярлауға толық мүмкіндік беретін материалдық-техникалық базаға ие.
Колледждің жобалық қуаттылығы 1800 орынды қамтиды. 200 орынға арналған жатақхана білім алушыларға қолайлы жағдай жасап отыр. Қазіргі таңда студенттер контингенті – 1334 адам. Колледждің білім беру сапасын қамтамасыз етуде кәсіби деңгейі жоғары педагогтар қауымы маңызды рөл атқарады. Штаттық бірлікте 248 қызметкер еңбек етеді. Колледжде 2 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 38 магистр, 3 – «Ы.Алтынсарин» төсбелгі иегері, 3 – «ҚР білім беру ісінің үздігі», 3 – «Үздік педагог», 5 – «Құрметті қызметкер» жұмыс жасайды.
Тарихы терең, тәжірибесі мол, білім мен тәрбиенің берік ұясы саналатын Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі техникалық және кәсіптік білім беру саласында көшбасшы орнын сақтап келеді.
Колледж аумағында 1200 және 600 студентке арналған екі оқу ғимараты, 150 орындық жайлы жатақхана, 100 орындық кітапхана, 324 орындық акт залы, 2 спорт залы, теннис залы және 150 орындық асхана жұмыс істейді. Сонымен қатар, оқу кабинеттері, зертханалар мен өндірістік шеберханалар, WorldSkills чемпионатына арналған арнайы дайындық кабинеттері заманауи талаптарға сай жабдықталған.




