№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Ата заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ата заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

«Ата заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі. Конституция мемлекетіміздің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды. Сондай-ақ ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды», – делінген құттықтауда.
Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және тікелей атсалысуымен әзірленген еліміздің бас құжаты әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміздің және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ауқымды реформаларымыздың берік тұғыры болып саналатынын атап өтті.
Конституциямыздың ұлағатты ұстанымдары экономикалық дағдарыстарды батыл еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басуымызға жол ашады. Біз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мызғымас құндылықтарға сүйене отырып, әділ мемлекет құрамыз. Басты мақсатымыз – халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру, деді президент.
Сонымен қатар ол Ата заң ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез-келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстыратынын, осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететінін айтты.
Президент барша қазақстандыққа зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тіледі.
Бүгін, 30 тамыз – Қазақстанда Конституция күні. Биыл Ата заңға 26 жыл толып отыр.
30 тамыз 2021 ж. 506 0