Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АЙГЕРІМ "ЛА-СКАЛАДА" ӘН ШЫРҚАЙДЫ

АЙГЕРІМ "ЛА-СКАЛАДА" ӘН ШЫРҚАЙДЫ


Әлемнің теңдессіз тенорлары Андреа Бочелли, Хосе Каррерас еңбек ететін, классикалық музыка өнерінің ең биік шыңы “Ла Скала” театрына жерлесіміз Айгерім Алтынбектің қабылдануы - мәдени талғамы мен танымы биік кез келген мемлекет үшін үлкен абырой.
Айгерім Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. Жүз жырау өмір сүрген қоңыраулы даланың қоңыр үнін өн бойына дарытып, белестерді бағындырған жас талант. Халықаралық ХVІІ “Романсиада” байқауында ІІІ орын, Санкт-Петербургте өткен Б.Т.Штоколов атындағы V халықаралық байқауда ІІІ орын, “SALVE REGINA” Халықаралық байқауында І орын, Еркеғали Рахмадив атындағы халықаралық байқауда ІІ орын иеленіп, өңір атын өнер биігіне жетеледі.
Айгерімнің бүгінгі жаңалығы да жерлестерін қуанышқа бөледі. Опера әншісі болашақта екі елдің, қала берді Еуропа мен Орта Азияның ортақ мақтанышына айналады деп сенеміз!
Дарын ӨСЕРБАЙ
26 маусым 2025 ж. 215 0