Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНҒА ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕЛДІ

ЖАҢАҚОРҒАНҒА ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕЛДІ


Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров өткен демалыс күндері Жаңақорған ауданында болды. Ауданға жасаған жұмыс сапары барысында вице-министр Жаңақорған ауданының шаруашылық құрылымдарымен егістік басында кездесті.
Кездесу барысында аудан әкімі Мажит Самитов өңірімізде қалыптасқан су тапшылығының алдын алу үшін ауданда арнайы штаб құрылып, шаруашылық егістіктерін аралағандығын және шаруашылық құрылымдарына түсіндірме жүргізіліп күріш алқаптарын кезектесіп суғару тәсіліне көшіп жатқандығы жөнінде айтып өтті. Аудандық су шаруашылығы өндірістік учаскесінің басшысы А.Ахметов егілген күріш көлемін қазіргі су жағдайына кезектесіп суғару пикеттер арқылы жүзеге асырып жатқандығы жөнінде баяндады. Вице-министр Нұрлан Жанұзақұлы шаруашылық иелеріне орын алып отырған су жағдайын тереңірек түсіндіріп су үнемдеудің негізгі жолы егістік жерлерді лазерлі тегістеуден өткізу қажеттілігін айтып өтті. Тегістеуден өткен жерлерге шығын болған су көлемдерін 85 пайызға дейін субсидиялау тетіктерін бүгінде министрлік арқылы қарастырылып жатқандығын жеткізді.
09 маусым 2025 ж. 170 0