Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстанда никаб киюге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда никаб киюге тыйым салынуы мүмкін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде никабқа тыйым салу мәселесі қарастырылатынын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл ереже Мәжілісте қаралатын заң жобасы аясында қарастырылмақ.
«Арнайы бөлек заң жоқ. Бұл – ІІМ желісі бойынша дайындалған заң жобасындағы норма. Заңда қауіпсіздік мәселесіне қатысты және никаб киюге тыйым салу көзделген. Қазір бұл норма Мәжілісте. Өзімнің білуімше, жақында бірінші оқылымда талқыланады», – деді министр Ақордадағы кулуарында.
Қоғамдық орындарда діни киім кию мәселесі Қазақстанда бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.
Бұл тақырып ел ішіндегі дін мен қоғам арасындағы қатынас, діни еркіндік пен ұлттық қауіпсіздік мәселелерін күн тәртібіне шығарып отыр.
30 мамыр 2025 ж. 342 0