№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдың абыройын асырған Нұрсардар

Сырдың абыройын асырған Нұрсардар


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Жаңа ғасыр басында Қазақстан халқына Жолдауында: «Жас жеткіншектің шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалар жасалуы тиіс» деген болатын. 20 жылдық тарихы бар «Бозторғай» Халықаралық балалар өнер байқауының балалар шығармашылығын дамытып, дарынды жастар мен бүлдіршіндерді анықтауда өзіндік өрнегі мол. Биыл да әсем Алматының орталық мәдени-демалыс саябағында ұйымдастырылған беделі зор фестивальге Болгария, Жапония, Чехия, Югославия, Мәскеу, Қырғызстан, Тәжікстан, тағы басқа да мемлекеттен конкурстанттар қатысты.
Сыр елі бүлдіршіндері атынан облыстық сайыста І орынды олжалаған Нұрділла Нұрсардар үлкен сахнаға жолдама алған болатын. Бибігүл Төлегенова, Болат Аюханов, Роза Рымбаева, Лаки Кесоглу, Кеңес Дүйсекеев сынды өнер тарландары қазылық еткен жұлдызды аламанда біздің Нұрсардар жүлдегерлер қатарынан табылып, Жаңақорғанның мерейін биіктетіп оралды.
Нұрсардар туған жылы ерекше қуанған ата-аналары баласына ырымдап ұш тұлғаның есімінің басты буынын алуды ұйғарыпты. Нұрсұлтандай көреген, Сара апасындай мейірімді жүректі, Дариғадай ізгі тілекті болсын деген ниеттен туған «Нұрсардар» атауы кішкентай балақанның бағын ашып, жолына жебеуші болып жүр, бәлкім, бұл жеңіс соның дәлелі.
Шәкіртінің әр қадамына тілектес болып, қасынан қара үзіп көрмеген ұстазы Шәрбану Жиенбаева «Әлшекей» өнер мектебінің вокал сыныбында оқитын шәкіртін байқауға өзі алып барып, қуанып оралғанын айтады.
– Нұрсардар Адырбек Сопыбековтың сөзіне жазылған «Әнім сенсің – Сыр елім» әнін орындады. Жергілікті сазгер Оразғали Бидашевтің әнін халықаралық аренада мойындатып қайтқан қарлығаш таланттың болашағынан зор үміт күтемін, – дейді ол.
Нағашысы Ролланға тартқан ба деймін, өзінің әкесі Нұрлан да өнерден құр алақан емес-ті. Қалай болғанда да, елдің алақанында жүрген Нұржан Төлендиев сынды ағаларынан бата алған, мүмкін сондықтан да, оза шауып ерек танылған қатардан, әжелері сияқты әдемі, текті ұрпақтың тұяғы – Нұрділла Нұрсардардың тәуелсіз елімізге тұңғыш тартуы бұл.
Бәсекенің алаңы, достықтың қамалы, талай жұлдыздың маңдайын жарқыратқан «Бозторғайда» тұсауы кесілген Нұрсардардың жеңісі – бүкіл Сыр елінің мерейі.
Баян ҮСЕЙІНОВА.
11 маусым 2018 ж. 1 336 0