Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 058

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанда балық өнімдері қымбаттады

Қазақстанда балық өнімдері қымбаттады


2025 жылдың басында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы қымбаттады. Орташа есеппен баға 9%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тірі және салқындатылған балық – 6,9%, Мұздатылған балық – 7,7%, Консервіленген балық – 11,9% қымбаттаған.
Бағаның өсуіне тасымалдау шығындарының көбеюі, Импорт көлемінің азаюы, Өндірістің төмендеуі себеп болған.

Қай өңірде балық көп желінеді?
2024 жылы әр қазақстандық орта есеппен 3,5 кг балық жеген. Бірақ бұл көрсеткіш өңірлерге байланысты әртүрлі. Мәселен Солтүстік Қазақстан облысы – 5,9 кг, Ақмола облысы – 5 кг, Батыс Қазақстан облысы – 4,6 кг, Шымкентте ең аз – 1,1 кг. Солтүстік пен батыс аймақтарда балық көп ауланады, бағасы да арзан. Ал оңтүстікте балық қымбат әрі сұраныс төмен.
Мамандардың айтуынша, балық бағасы әлі де қымбаттайды. Бірақ мемлекет балық шаруашылығын қолдау бағдарламасын іске қосып, бағаны тұрақтандыруға тырысады. Егер баға өсе берсе, қазақстандықтар балықтың орнына ет немесе басқа өнімдерді тұтынуы мүмкін.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай
26 мамыр 2025 ж. 228 0