Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылорда облысының тарихи-мәдени ескерткіштері 3D-картада қолжетімді

Қызылорда облысының тарихи-мәдени ескерткіштері 3D-картада қолжетімді

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұралар цифрлық форматта қолжетімді.

3D-картада республикалық және жергілікті маңызы бар 150 ескерткіш қамтылған.

Алдымен ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміндегі, маңызды тарихи нысандар енгізілген.

Әр ескерткіштің архивтік деректері, аңыз-әңгімелері және виртуалды үлгісі 3 тілде ұсынылған.

Облыста қазіргі таңда 31 республикалық, 256 жергілікті маңызы бар жалпы 287 ескерткіш мемлекет қорғауында.

Бұл жоба - рухани мұра мен тарихты ұрпаққа жеткізудің заманауи жолы.

Қызылорда облысының ескерткіштерінің интерактивті картасын мына сілтеме арқылы көруге болады: virtualmap.xyz

Фото: Ашық дереккөзден

20 мамыр 2025 ж. 567 0