№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » КОЛЛЕДЖ CТУДЕНТТЕРІНЕ ШЕТЕЛДІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

КОЛЛЕДЖ CТУДЕНТТЕРІНЕ ШЕТЕЛДІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Кеше Сыр елінде «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев медицина саласындағы ауқымды жұмыстарды атап өтіп, жетістіктерге тоқталды.
Конференцияға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы сақтандыру кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері, ғалымдар, барлық өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық оқу орындары мен клиника басшылары қатысты.
Іс-шарадағы ақжолтай жаңалықтың бірі – медициналық жоғары колледж cтуденттеріне шетелдік оқу орындарына жолдама берілді.
Нақтырақ айтсақ, Қызылорда медициналық жоғары колледжі 3-курсының 12 студентіне Түркияның Стамбул қаласындағы «Medicana International Istanbul» клиникасынан оқу-өндірістік практикадан өтуге, 4-курстың 5 студентіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Латвия Республикасы І Рига медициналық колледжінде оқуға жолдама табысталды.
Айта кетейік, Қызылорда медициналық жоғары колледжі халықаралық серіктестікті нығайту мақсатында Германия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Латвияның жетекші медициналық мекемелерімен және оқу орындарымен серіктестік келісім-шартқа отырған. Сонымен қатар, отандық медициналық оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен де ынтымақтастық орнатқан.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
18 мамыр 2025 ж. 122 0