№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды

Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды

Елордада Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Стори, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыла, Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басу және дипломатиялық миссиялар өкілдері қатысты.
Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады.
ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.
24 наурыз 2024 ж. 213 0