№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУГЕ ЖӘНЕ ОНЫ АСЫЛДАНДЫРУ МЕН ӨНІМІН ҰЛҒАЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІККЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУГЕ ЖӘНЕ ОНЫ АСЫЛДАНДЫРУ МЕН ӨНІМІН ҰЛҒАЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІККЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының өкілдері Сайлауалды бағдарлама аясында мал басын көбейту, асылдандыру мен өнімін ұлғайту бағытында атқарылған жұмыстарды саралау мақсатында Жаңақорған ауданына қарасты Қыркеңсе ауылдық округінде орналасқан «Бекарыс Агрофуд» ЖШС жұмысына партиялық бақылау жасады.
Мониторинг жұмысына партияның аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалдарбек Турабаев қатысты.
«Бекарыс Агрофуд» ЖШС 2017 жылдан бастап асыл тұқымды ірі қара, қой және жылқы өсірумен, дәнді және жемшөп дақылдарын өсірумен айналысады. Бүгінде серіктестік 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. 500 – ге жуық қалмақ тұқымы бар. Шаруа қожалығының аумағы 300 га суармалы жерді құрайды.
Серіктестіктің бөлек мал сою пункті бар. Онда зертхана, тоңазытқыш, малдың етін жіліктейтін арнайы бөлме, электронды таразысы бар. Етті зертханада тексеретін арнайы медициналық персонал жұмыс жасайды.
- Негізі қалмақ тұқымы Сырдың табиғатына өте төзімді. Терісі қалың болғандықтан сона, маса, кенеден қорғаныш жоқ. Орта есеппен аналық бастың салмағы 450-550 келіге дейін жетеді. Бордақылау бағытындағы бұқалардың тірі салмағы 900 келі шамасында. Етінің ерекше дәмдік сапасын атап өту керек, себебі бұл ет бағытындағы малға тән «мәрмәрлігімен» ерекшеленеді. Оған қоса, шөпті қатты не жұмсақтығына байланысты талғамай, жей береді. Еті басқа тұқымдағы сиырлардың етіне қарағанда жұмсақ келеді. Қазір 500 – ге жуық қалмақ сиыры бар. Оның басын бірнеше есеге көбейтеміз, – деді серіктестік төрағасы Серік Әбдіжаппарұлы.
Өз кезегінде аудандық партия филиалының төрағасы Арман Мажитов агроөнеркәсіпті қолдау, ауыл халқының табысын арттыру Мемлекет басшысы мен «AMANAT» партиясының стратегиялық міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
16 мамыр 2025 ж. 123 0