АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ - ЕЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Жеңіс күні – ұлт тарихындағы ұлы белес, жауынгер ерлігі мен тылдағы қажырлы еңбектің жемісі. Осыған орай, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Төрағасы Арман Мажитов аудан аумағында тұратын тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.
Ардагерлерге арнайы сый-сияпаттар табысталып, ерен еңбектері мен өмір жолдарына тағзым білдірілді. Арман Мажитов Жеңіс күнінің әрбір отбасы үшін маңыздылығын атап өтіп, ардагерлердің жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.
– Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ел басына күн туған заманда ештеңеден тайсалмай, аянбай тер төктіңіздер. Бүгінгі буын сіздерге қашан да қарыздар, – деді ол ардагерлердің біріне құрмет көрсете отырып.
Кездесу барысында ардагерлер де елдегі тыныштық пен тұрақтылық үшін алғыстарын білдіріп, жастардың отансүйгіш әрі еңбекқор болып өсуін тіледі.
Аудандық филиал өкілдері мұндай игі шаралар партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. Ардагерлерге көрсетілген құрмет – бұл тарихқа, Тәуелсіздікке және болашақ ұрпаққа көрсетілген құрмет екенін атап өтті.