№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Салтанатты іс-шаралар аясында аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, "Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Н. Есеналиев, тыл еңбеккерлерінің шаңырағына арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты бірыңғай мерейтойлық медальдар табысталды. Сонымен қатар, аудан әкімінің құттықтау хатын табыстап, сый құрмет көрсетті.

Жаңақорғандық тыл еңбеккерлері мереке қарсаңында арнайы шаңырағына келіп, құрмет көрсеткен аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Мұндай кездесулер – аға буынға деген тағзым мен құрметтің айғағы. Ардагерлерге көрсетілген ілтипат – ұрпақ санасына елге, еңбекке деген сүйіспеншілікті сіңірудің жарқын жолы.
09 мамыр 2025 ж. 3 057 0