№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Салтанатты іс-шаралар аясында аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, "AMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Нұрбол Есеналиев, тыл еңбеккерлерінің шаңырағына арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты бірыңғай мерейтойлық медальдар табысталды. Сонымен қатар, аудан әкімінің құттықтау хатын табыстап, сый құрмет көрсетті.
Жаңақорғандық тыл еңбеккерлері мереке қарсаңында арнайы шаңырағына келіп, құрмет көрсеткен аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, баталарын берді.
Мұндай кездесулер – аға буынға деген тағзым мен құрметтің айғағы. Ардагерлерге көрсетілген ілтипат – ұрпақ санасына елге, еңбекке деген сүйіспеншілікті сіңірудің жарқын жолы.
07 мамыр 2025 ж. 108 0