Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ДАҢҚТЫ АРДАГЕРЛЕР ҰРПАҒЫНА ҚҰРМЕТ

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ДАҢҚТЫ АРДАГЕРЛЕР ҰРПАҒЫНА ҚҰРМЕТ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан әкімі Мажит Самитов Кеңес Одағының Батыры Әнуар Әбутәліповтың ұлы – Әбутәліп Мұхтархан Әнуарұлын және Ұлы Отан соғысының даңқты ардагері Айтмағанбет Нақыповтың қызы – Жанар Айтмағанбетқызын арнайы қабылдап, зор құрмет көрсетті.
Жиында аудан басшысы жиналған қауымды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, туған жердің абыройын асқақтатқан батырларымыздың ерлігі мен өшпес өнегесін ерекше ілтипатпен атап өтті. Ардагерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын айтып, олардың ұрпағына алғысын білдірді.
Салтанатты қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, қорғаныс істері өкілдері мен ел ағалары қатысты. Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов сөз сөйлеп, батырлардың көзін көрген куәгер ретінде әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Батырлардың ұрпақтары – Мұхтархан Әнуарұлы мен Жанар Айтмағанбетқызы өздеріне көрсетілген ілтипат пен құрмет үшін аудан басшылығына шынайы алғыстарын білдіріп, ата-баба ерлігін ұлықтауға жасалып жатқан істерге ризашылықтарын жеткізді.
10 мамыр 2025 ж. 434 0