Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ардагерлерге ₸17 млрд жәрдемақы төленеді

Ардагерлерге ₸17 млрд жәрдемақы төленеді


Фото:egemen.kz
Ардагерлерге жыл басынан сәуір айына дейін 4,3 млрд теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы берілді, деп хабарлайды 24kz.
Ал жыл соңына дейін 17 млрд теңге төлеу қарастырылған. Республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына тиесілі. Яғни, соғысы ардагеріне – 62 912 теңге, жарақаты бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген майдангерге – 29 687 теңге, жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаға – 24 339 теңге, ал тыл еңбеккеріне – 8376 теңге төленеді. Сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс-қимылдарға қатысқан, оның ішінде Ауған соғысы ардагерлеріне – 24 339 теңге, Тәжік-ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшіге – 18 874 теңге төленеді. *** Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы – ₸24 339 Тәжік-Ауған шекарасында, Ирак және Таулы Қарабақтағы операцияларға қатысқан әскери қызметші – ₸18 874   Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы Барлығы – ₸17 млрд ҰОС ардагері – ₸62 912 ҰОС кезеңінде жарақат алуы бойынша теңестірілген ардагер – ₸29 687 Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушысына теңестірілген тұлға – ₸24 339 Тыл еңбеккері – ₸8 376

08 мамыр 2025 ж. 176 0