Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қандай төлем, көмек түрлері қарастырылған?
Биыл Қазақстанның барлық өңірінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ардагерлерге кемінде 1,5 миллион теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Massaget.kz тілшісі кімдер қандай көмек алатынына шолу жасады.
50,1 мың адамға, яғни Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және Жеңіске үлес қосқан адамдарға мемлекеттен 3 миллиард теңге көлемінде қарастырылған.
"Жыл сайын біржолғы материалдық көмек дәстүрге айналды. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 50,1 мың адамға 3 миллиард теңге жалпы сомаға біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр, оның ішінде 148 ардагерге 262,7 миллион теңге бөлінеді", - деп жазылған жауапта.Облыстардың, астананың мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне ҰОС ардагерлері үшін материалдық көмектің ең төменгі шегін 1,5 миллион теңгеден кем емес мөлшерде белгілеу ұсынылған. Нәтижесінде өңірлердің көбінде біржолғы қаржылай төлемнің мөлшері осы шамада болып отыр.
"Кейбір өңірлерде жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты төлем мөлшері көбірек болады. Бүгінде ҰОС ардагерлеріне барлық өңірде көмек берілді. Қалған санаттар бойынша төлемдер 9 мамырға дейін аяқталады", - деп жауап берді министрлік өкілдері.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, соғысқа қатысқан ардагерлерге және тыл ардагерлеріне берілетін зейнетақы, әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді."Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл ардагерлерлі және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді", - деп жазылған хабарламада.