№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жапонияда жылан пойыздар қозғалысын екі сағатқа тоқтатты

Жапонияда жылан пойыздар қозғалысын екі сағатқа тоқтатты


Жапониядағы Токио мен Осака арасында адам ең көп жүретін «Синкансэн» желісінде жүрдек пойыздар қозғалысы электр сымдарына жылан оралып қалуы салдарынан біраз уақытқа тоқтап қалды, деп хабарлайды ВВС.

Ұзындығы бір метр жылан электр тарату желісіне оралып, оны тұйықтап алған. Хабарламаларға сәйкес, бағанаға бауырымен жорғалап шыққан ол сымдармен өтпек болып өлген.

Оқиға «Майбара» мен «Гифу-Хасима» стансалары арасында сәрсенбі күні кешкі сағат 17 шамасында болған, деп хабарлайды Кyodo.

Жолаушылардың айтуынша, пойыздарда электр жарығы, оның ішінде шамдар мен кондиционерлер жұмыс істеді, бірақ пойыздардың өзі жүрмеген.

Kyodo жазғандай, Токио стансаларының билет сататын автоматтарында ұзын-сонар кезек пайда болған. Пойыз қозғалысы кешкі сағат 19.00 шамасында қалпына келтірілді. Жапонияда бірден төрт ұлттық мерекені біріктіретін Алтын апта өтіп жатыр, осыған байланысты әуежайлар, вокзалдар және басқа да көлік тораптары ерекше күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді.

«Синкансэн» — Жапонияда жоғары жылдамдықты теміржол желісі. Токио мен Осака арасындағы алғашқы желі 1964 жылы 1 қазанда Жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ашылды.

Қытай пандаларын Жапониядан қайтарып алатынын жазған болатынбыз.
03 мамыр 2025 ж. 376 0