№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды


Сәрсенбі күні ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде Газ саласын дамыту және цифрландыру, ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелері қаралды. Селекторлық мәжілістен соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет отырысында талқыланған екі мәселе бойынша тиісті мамандарды тыңдап, тапсырмаларын берді.


– Соңғы жылы облыс аумағында елді мекендерді газдандыру қарқынды жүруде. Өткен жылы газдандыру жобаларына 30 млрд 500 млн теңге қаржы бөлініп, жыл көлемінде 11 елді мекен табиғи газға қосылды. Биыл облыс бойынша газдандыру жобаларына 6 млрд 100 млн теңге қаржы бөлінген, тағы да қосымша қаржы көздіктерін табуда жұмыс атқарылып жатыр. Жыл басынан бері 5 елдімекен газ жүйесіне қосылды. Өңірімізде халықты газбен қамту көрсеткіші 80,8 пайызға жетті. Жыл соңына дейін тағы да бірнеше елді мекендер табиғи газға қосылатын болады. Өңір бойынша газдандыру деңгейін биыл 83 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді облыс әкімі.
Алдағы бесжылдықта «КазТрансгазАймақ» жаңа инвестициялық бағдарламасы дайындалып жатыр. Соның аясында бірнеше елді мекендер көгілдір отынға қосылатын болады.
Екінші мәселе – мәдени мұраларды сақтауға келсек, ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімінде Қорқыт Ата аңыздары мен күйлері, айтыс өнері, сондай-ақ материалдық құндылықтар қатарында Жанкент, Сығанақ мәдени ескерткіштеріне бірінші кезекте мән берілетін болады. Тізімге енген мәдени мұраларды сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов баяндады.
Мәдени мұра тізіміне республика бойынша 14 нысан енгізілген. Оның ішінде 2018 жылы өңірімізде мәдени жауһарлар тізіміне Қорқыт Ата енді. Ел арасында жыршы-жыраулардың дауысы, ескі сарындағы мақал сөздер, аңыз әңгімелер, терме-толғаулар, хисса дастандар жинақталуда екен.
Бір қынжыларлығы, облыста 567 тарихи-мәдени ескерткіш болса, соның 88-інде ғана құжаттау жұмысы жүргізілген. Аймақ басшысы осы кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ, өңірдегі тарихи-мәдени орындарға баратын жол қатынасын реттеуді, жалпы инфрақұрылым әлеуетін арттыру арқылы туризмнің тынысын ашу талабына дем беру қажеттігін көп назарына салды.
Облыс әкімінің мәжілісінен соң аудан әкімі Мажит Самитов аудан активімен туристік инфрақұрылымды жолға қою жобаларымен бөлісті.
– Сығанақ» тарихи кешенінің туристік әлеуеті зор, келушілер де аз емес. Қалашыққа баратын жол асфальттанған. Автотұрағы бар. Тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Туристер назарын аудару үшін насихаттық жұмыстар жандануы тиіс, – деді ол.

Баян Үснейінова
26 сәуір 2025 ж. 117 0