ҰБТ маңызын ұмытпасақ екен

Әр оқу жылының аяқталуы мектеп түлектері үшін өте маңызды. Үкілеген үмітпен үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жоғары сынып бітірушілері Ұлттық біріңғай тестінен жоғары балл жинау үшін бар күш-жігерін салатыны рас.
Жалпы, білім беруде соңғы жылдардағы ең үлкен ерекшелігіміз – ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) моделінің жүзеге асырылуы. Бұл біріншіден, білім берудің күнделікті сапалық деңгейін, білім стандартының орындалу барысын жүйелі көріп отыруға мүмкіндік беретін, бірыңғай педагогикалық мониторинг бақылау, екіншіден, оқушының он бір жыл алған білімін, мемлекеттік стандарттың орындалу деңгейін нақты анықтайтын өлшем жүйесі. Ол мектептеріміздің мемлекеттік білім стандартын қалай орындап отырғанын қатаң қадағалап, білім сапасының деңгейін нақты көріп отыруға толық мүмкіндік береді. Әлемдегі ең үздік мектептер күнделікті өз жұмысының нәтижесін үнемі бақылап, бағалап отыру арқылы ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы нәтижесі біршама жоғары.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес, Биылғы оқу жылында қаңтар-ақпан айларында 1032 түлектің 1099 түлек 89,1% тапсырып, орташа балл 73,5% құраса, наурыз-сәуір айларында 1032 түлектің 1016 түлек 84% тапсырып, орташа балл 79,7% құрап, ҰБТ көрсеткіші бойынша аудандардың арасында алғашқы екінші,үшінші орындарға шығып отырмыз. Бұл облыстағы жоғары көрсеткіштердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табуы керек.
Түйін. Үлкен өмірге қадам басқалы отырған қай түлектің болмасын мақсаты жоғарғы оқу орнының грант иегері атану. Ал, ол нәтижеге жету жолында көп еңбектенудің қажет екені айтпаса да түсінікті. Қас-қағым сәтте жылдың ортасы келіп, мамыражай мамыр да аяқталып қалды. Даңғыл жолға сапар шеккелі тұрған талапкерлердің де көңілдері алаңдаулы екені түсінікті. Дегенмен, әр оқушы өз білімін жоғары деңгедйде дәлелдеп шығарына біз сенімдіміз.
Нұрмаганбетова Жанна