Құрылтай

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Өрттен абай болайық

Өрттен абай болайық


Өрт – тілсіз жау. Өрт негізінен табиғи және техногенді болып екіге бөлінеді. Осы тілсіз жаудан сақтану, абай болу, тілсіз жауға жол бермеу мақсатында қазіргі таңда Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі №14 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері жұмыла жұмыс жасауда.


Жақын уақытта өрт қауіпті маусым басталғалы тұр, өрт қауіпті маусым дегеніміз-өрттердің ең қарқынды пайда болуы байқалатын уақыт кезеңі. Осыған орай бөлім қызметкерлері барша аудан тұрғындарын тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, балалардың отпен ойнауына жол бермеуге, адам өмірін сақтауға, сондай-ақ өрт қауіпті маусымда орман, тоғай өртін болдырмауға барынша абай болуға шақырады.
Жаңақорған ауданында бөлімнің шығу ауданы өте кең ауқымды қамтиды. Шалғай орналасқан елді-мекендер өте көп. Шалғай орналасқан елді-мекендегі тұрғын үйдегі өрттер, орман, тоғайлардағы күрделі созылмалы өрттерді болдырмас үшін, барлық аудан тұрғындары «Өрт деген тілсіз жаудан» сақтану қажеттігі туралы жауапкершілікті терең сезінуі тиіс. Әрбір тұрғын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаған жөн.

Жаңақорған ауданы Төтенше

14 сәуір 2025 ж. 352 0