Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сәуір айында А және А1 санатындағы жүргізуші куәліктерін алу емтихандарының кестесі белгілі болды

Сәуір айында А және А1 санатындағы жүргізуші куәліктерін алу емтихандарының кестесі белгілі болды


“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы PR-маманың хабарлауынша А және А1 санаттарындағы жүргізуші куәліктерін алуды жоспарлап отырған қызылордалықтар үшін бекітілген емтихан кестесіне назар аудару маңызды. Ағымдағы жылдың сәуір айында емтихандар екі рет — 11 және 25-ші күндері өткізіледі.
Білу маңызды:
- Емтиханға жазылу тек жеке жүгінген кезде ғана жүзеге асырылады. Онлайн тіркелу немесе телефон арқылы жазылу қарастырылмаған. Бұл талап рәсімнің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға бағытталған.
- Жеке көлікте емтихан тапсыруға мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана рұқсат етіледі. Қалған үміткерлер емтихан орталығы ұсынған көлікті пайдаланады.
Емтихандар белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес қатаң түрде өткізіледі. Қажетті құжаттардың тізімін алдын-ала нақтылау, сондай-ақ сәтті тапсыру мүмкіндігін арттыру үшін алдын-ала дайындықтан өту ұсынылады.

Мекен-жайы: Тасбөгет кенті, Жаңадария шатқалы ғимараты.91
10 сәуір 2025 ж. 344 0