Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 538

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға жаңа технологиялар енгізіледі

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға жаңа технологиялар енгізіледі

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үдерісіне толықтырылған нақтылықтың (AR) және компьютерлік көрудің (Computer Vision) заманауи технологияларын енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұдан басқа, еуропа елдерінің табысты тәжірибесі негізінде емтихандарды қабылдау тәртібі, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу рәсімі қайта қаралатын болады.
«Өткен жылы көлік құралдарын тіркеу саласында 3 млн қызмет көрсетілді. Сатып алу-сату шарттарына электронды қол қою, мемлекеттік тіркеу белгілерін жедел дайындау, автосақтандыру сияқты  шаралар жүргізілді. Біз құжаттарды рәсімдеу жөніндегі мемлекеттік корпорацияның платформасын іске қосуды, биометриялық сәйкестендіру және автокөлік тарихын тексеру сервистерін іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
01 сәуір 2025 ж. 316 0